БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУ

28.04.2026

БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУ

2026 жылы «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының байдарка мен каноэде есу бөлімінде 40 спортшы жаттығады.
Жас ерекшеліктеріне қарай спортшылар үш топқа бөлінеді:

• жастар тобы – 19 спортшы;
• юниорлар тобы – 18 спортшы;
• жасөспірімдер тобы – 3 спортшы.

Спортшылармен тұрақты түрде 5 жаттықтырушы жұмыс істейді. Олардың жоғары біліктілігі мен тәжірибесі әр спортшының спорттық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу процесі жоспарлы түрде ұйымдастырылып, бекітілген бағдарлама негізінде өтеді. Бұл спортшылардың тұрақты дамуына және нәтижелерін арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу: