Біз туралы
«Qazaqstan» жеңіл атлетика кешені – бірегей футуристік нысан және World Athletics халықаралық қауымдастығының дүниежүзілік жеңіл атлетика ережелерінің техникалық талаптарына сәйкестігі туралы сертификатысына ие.
Жеңіл атлетика кешенінің архитектуралық-кеңістіктік композициясы көпке танымал жабық спорт ғимараттарының аналогтарынан түбегейлі ерекше.
Визуал көрінімділігі көп қырлы теріс формалар түрінде ұсынылған спорт кешені сәулет өнерінің футуристік бейнесі жиектерінің сынықтарынан тоқылған, оның пластикасы жарықтандыру және қасбеттік болат панельдермен перфорация арқылы ерекшеленген.
Композицияның графикалық сипатының табиғаты сәулетшілердің спорт бейнесін сәулеттік форманың сызықтары мен қырларына адамның алға қойған мақсаттарының шыңына жету жолындағы ұмтылысының метафорасы ретінде көрсетеді.
Спорт кешенінде IAAF стандарттарына сәйкес жеңіл атлетиканың әртүрлерімен айналысуға арналған аймақтар мен секторлар, көмекші бөлмелер, жаттығу учаскелері, жабық жаттығу залы, келушілерге, спортшыларға, баспасөзге арналған бөлмелер қарастырылған.
Аталған спорт кешенінде кәсіби спортшылардың күнделікті жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне қажетті жағдай жасалған.
Жеңіл атлетикалық арена (трибуналары бар жеңіл атлетикалық ядро) келесі кеңістіктерді қамтиды:
- ядроның сыртқы периметрі бойынша ені 1 метр, ұзындығы 200 метрлік 6 параллельді жүгіру алаңдары бар;
- ядроның ортасына қарай 8 параллельді жүгіру алаңдары бар, ені 1,22 метр, 50-60 метрге жүгіруге арналған және финиш алаңында тежегіш зонасы бар.
- биіктікке және үш қарғып секіруге арналған сектор;
- шестпен секіруге арналған сектор;
- трибуналар 6838 орындықты қамтиды.
Сонымен қатар, осы спорт кешенінде орналасқан:
- ұзындығы 25 метрлік 6 жолақты бассейн;
- екі суасты жүгіру жолақтары бар бассейн;
- спортшыларға арналған 40 төсектік қонақжай;
- атлетикалық зал;
- ұзындығы 160 метрлік жүгіру жолақтары бар сергіту жаттығуларына арналған трек, онда биіктікке, ұзындыққа секіруге арналған секторлар бар;
- баспасөз маслихаттарына арналған 400 орынды қамтитын жайлар;
- аудармашыларға арналған орындармен қамтамасыз етілген 242 орындық кәсіби интервью залы;
- 130 орындық мейрамхана.
Ғимаратта спорт әуесқойлары үшін бірнеше спорт түрлері бойынша спорт секциялары жұмыс істейді.
Спорт нысанын "Самұрық-Қазына" АҚ қаражатына 2020 жылы BI Group құрылыс компаниясы салған.