ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЖАСТАР ЛИГАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАНТАР АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ

27.01.2026

ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЖАСТАР ЛИГАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ҚАНТАР АЙЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ БАСКЕТБОЛ ОЙЫНЫ

26 қаңтар күні командалар қаңтар айындағы серия аясындағы екінші өзара ойынды өткізу үшін қайтадан ойын аланына шықты. «Астана-Жастар» мен «Зенит-М» үшін бұл ойын ағымдағы айдағы тығыз ойын кестесінің жалғасы болды.

Кездесу барысында «Зенит-М» командасы басымдықты өз қолында ұстап, есеп айырмасын біртіндеп ұлғайта білді. Матчтың қорытынды есебі - 66:100.

«Астана-Жастар» құрамында ең нәтижелі ойын көрсеткендер - Захар Медовской (19 ұпай, 3 нәтижелі пас) және Илья Пестов (17 ұпай, 6 рет доп қағып алу, 4 нәтижелі пас). Сондай-ақ Абылайхан Жандарбек пен Роман Байболов та команда қоржынына ұпай қосты.

Осы ойынмен командалар қаңтар айындағы ойын кезеңін аяқтады.

Бөлісу: