ҚЫТАЙДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН XII ASIAN INDOOR ATHLETICS CHAMPIONSHIP ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

06.02.2026

ҚЫТАЙДА ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН XII ASIAN INDOOR ATHLETICS CHAMPIONSHIP ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

6–8 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында жеңіл атлетикадан «XII Asian Indoor Athletics Championship» өтуде. Аталған халықаралық жарысқа «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының атынан 6 спортшы қатысып жатыр.

Спотшылар тізімі:
1.Екатерина Колода - Астана қаласы

2.Анна Черкашина - Алматы қаласы

3.Ақбаян Нұрмәмет - Жетісу облысы

4.Алина Чистякова - Қарағанды облысы

5.Анна Шумило - Қарағанды облысы

6.Мария Шувалова - Павлодар облыс

Құрлықтың үздік спортшыларын біріктірген бұл чемпионатта қазақстандық жеңіл атлеттер ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етуде. Спортшылардың жарысқа дайындығын тәжірибелі жаттықтырушы Е.М. Сепбосынов қамтамасыз етуде.

Жарыс барысында қатысушылар түрлі дисциплиналар бойынша бақ сынап, Азияның мықты атлеттері арасындағы бәсекеде өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.

Бөлісу: