Жаңалықтар
АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГИМНАСТИКА ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
06.02.2026
АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГИМНАСТИКА ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Астана қаласында «DISNEY CUP» халықаралық көркем гимнастика турнирі басталды. Турнир «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтіп, әртүрлі өңірлер мен елдерден келген жас гимнаст қыздарды біріктірді.
Турнир Бірыңғай республикалық күнтізбеге (БРК) енгізілген және қолданыстағы ережелер мен стандарттарға сәйкес өткізіледі. Бағдарламада әртүрлі жас санаттары бойынша жеке және топтық жаттығулар қарастырылған.
Жарыс 8 ақпанға дейін жалғасады.
Барша көрермендерді жарысты тамашалап, жас спортшыларды қолдауға шақырамыз!