АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЭСТАФЕТАДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

09.02.2026
Қытайда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешенде өткен XII Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық жарыста Қазақстан құрамасы 3:38.02 нәтижесін көрсетіп, Қытай құрамасын артта қалдырып, Азия чемпионы атанды.

Команда құрамында біздің спортшыларымыз - Шувалова Мария мен Шумило Анна өнер көрсетті.

Спортшыларымызды Азия чемпионатындағы алтын жүлдемен және сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: