Жаңалықтар
ЖҮЗУ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН СЕНІМДІЛІКТІҢ КЕПІЛІ
ЖҮЗУ – ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН СЕНІМДІЛІКТІҢ КЕПІЛІ
«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде жүзуге арналған арнайы секциялар жұмыс істейді. Бұл жерде кәсіби деңгейдегі спортшылар да, жүзуді енді үйреніп жүрген адамдар да жаттыға алады. Кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған, қауіпсіздік ережелері толық сақталған, ал жаттықтырушылар – тәжірибелі мамандар.
Сонымен қатар, «Qazaqstan» фитнес орталығында барлық жас санаттарына арналған жүзу секциясы бар. Бұл секцияға балалар, жасөспірімдер және ересектер қатыса алады. Жаттығулар әр адамның физикалық дайындығына қарай жүргізіледі.
Жүзу – денсаулыққа өте пайдалы спорт түрі. Ол метаболизмді белсендіреді, бұлшық еттерді нығайтады және дененің жалпы төзімділігін арттырады. Тұрақты түрде жүзумен айналысу жүрек-қан тамырлары жүйесін жақсартып, тыныс алу қабілетін күшейтеді. Сонымен қатар, жүзу барысында стресс азайып, эмоционалдық тонус көтеріледі, жүйке жүйесі тынышталады. Дәрігерлердің айтуынша, жүзу депрессияның алдын алуға және оны жеңуге де көмектеседі.
Осы себепті «Qazaqstan» спорт кешеніндегі жүзу секциялары салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін әр адам үшін тамаша мүмкіндік болып табылады.
Анықтама үшін телефон: +7 (7172) 572 523 (қабылдау).