Жаңалықтар
ЖАБЫҚ ҒИМАРАТТАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА «АСТАНА» ОДО МЕДАЛЬДЫҚ ЖЕТІСТІГІ
2026 жылғы 6–8 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Тяньцзинь қаласында XII Asian Indoor Athletics Championship өтті. Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасы сапында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының 6 спортшысы және 1 жаттықтырушысы өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама 7 жүлде жеңіп алды:
· 3 алтын
· 1 күміс
· 3 қола
«Астана» ОДО спортшыларының медаль қоржынына қосқан үлесі:
· Чистякова Алина — бессайыста жеңімпаз;
· Шувалова Мария — 4×400 м эстафета (әйелдер);
· Шумило Анна — 4×400 м эстафета (әйелдер);
· Төкенов Мәди — 4×400 м эстафета (ерлер).
Орталық спортшылары халықаралық аренада жоғары дайындық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Спортшыларды және жаттықтырушылар штабын халықаралық деңгейдегі лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз!
Жаңа жарыстар мен жарқын жеңістер тілейміз!