INTERNATIONAL ANTALYA RACE WALKING TOUR

09.02.2026
Ағымдағы жылдың 7 ақпанында Түркия Республикасының Анталья қаласында жеңіл атлетикадан «International Antalya Race Walking Tour» халықаралық жарысы өтті. Аталған турнир спорттық жүріс бойынша беделді халықаралық старт болып табылады және әртүрлі елдердің ең мықты спортшыларының қатысуымен ұйымдастырылады. Жарыс халықаралық күнтізбеге енгізілген және әлем чемпионаттарына іріктеу нормативтерін орындауға мүмкіндік береді.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар төмендегідей нәтижелер көрсетті:
• Шерхан Егізбай — 1 орын, әлем чемпионатына жолдама алды.
• Маргарита Стороженко — 2 орын, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысу нормативін орындады.
• Егор Струков — 3 орын.

Бөлісу: